Инклюзивті білім беру сапасын арттыру

Iniziamo. È gratuito!
o registrati con il tuo indirizzo email
Инклюзивті білім беру сапасын арттыру da Mind Map: Инклюзивті білім беру сапасын арттыру

1. Инклюзия құндылықтарын бөлісетін мультидисциплинарлық команда құру, оны дамыту:

1.1. мектеп әкімшілігі мен мұғалімдері

1.2. арнайы мамандар (дефектолог, логопед, тьютор, т.б.)

1.3. педагог-психолог

1.4. әлеуметтік педагог

1.5. ата-аналар

1.6. түрлі әлеуметтік қызметтер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері

1.7. оқушылар

2. Толеранттылық:

2.1. мектеп ұжымының әрбір мүшесінің, оның ішінде техникалық көмекші қызметкерлердің де

2.1.1. инклюзивті білім беру – бұл әр адамның білім алу құқығын іске асыру екенін ұғынуы

2.1.2. инклюзивті білім берудің қағидалары мен құндылықтарын түсінуі

2.1.3. мүгедектіктің әлеуметтік моделін қабылдауы

3. Жағдайды бағалау мен талдау:

3.1. мектепте «атипті» оқушылардың пайда болуы, әр қызметкердің жеке деңгейде күтілетін өзгерістерді қабылдау мүмкіндігі сияқты мектеп ұжымының өзгерістерге дайындық дәрежесін анықтау

4. Одақтастарды іздеу:

4.1. инклюзивті білім беру жалпы білім беру жүйесімен байланысты болғандықтан, бұл қызметке аумақтық білім беру басқармаларының, жергілікті билік органдарының мамандарын тарту

4.2. инклюзивті білім беру аса маңызды әлеуметтік міндет болғандықтан қоғамдық ұйымдармен, мүгедектер ұйымымен, мүгедек балалардың ата - аналарымен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасау

5. Нормативтік-құқықтық қолдау көрсету/іске асыру:

5.1. жергілікті білім басқармасының мемлекеттік бағдарламаны іске асыруды бастауы

5.2. инклюзивті білім беру бойынша эксперименттік алаң құруы

5.3. мектептің ЕББҚ бар балаларды оқытудың инклюзивті нысандарын дамыту жөніндегі өңірлік бағдарламаға қатысуы

5.4. білім беру мекемесінің ұйымдық құжаттамасына да өзгерістер енгізу бойынша жұмыс (мектеп жарғысына тиісті өзгерістер енгізу, инклюзивті оқыту сыныптары туралы ереже әзірлеу және т.б.)

6. Инклюзияға көшу бойынша стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру

7. Мұғалімдерді кәсіби қайта даярлау:

7.1. жалпы білім беру мұғалімдерінің белгілі бір даму бұзылыстары туралы хабардар болуы

7.2. педагогтарды гетерогенді және көп деңгейлі ортада жұмыс істеу дағдыларына үйрету

7.3. кез келген оқушы үшін жеке оқыту бағдарламасын құруға үйрету

7.4. педагогикалық қызметті жүзеге асырудың бейімделу әдістері мен тәсілдеріне үйрету

7.5. білім беруде құзыретті тәсілді жүзеге асыруға үйрету

8. Тікелей оқушылармен жұмыс:

8.1. ЕББҚ бар жастармен кездесулер

8.2. ЕББҚ түсіну бойынша оқушылармен сабақтар («мейірімділік сабақтары»)

8.3. басқа да интерактивті кездесулер ұйымдастыру

8.4. эмоционалды жайлылық атмосферасын құру, қарым-қатынаста төзімділікті қалыптастыру

8.5. әр адамның ерекшеліктерін қабылдауға үйрету

8.6. балалардың оң, әлеуметтік-бағытталған оқу мотивациясын қалыптастыру

8.7. әр баланың шығармашылық әлеуетін ашуға, оның өзін-өзі көрсету қажеттілігін жүзеге асыруға, сынып, мектеп өміріне қатысуға бағытталған сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру

8.8. балалардың мүмкіндіктеріне барабар, олардың оқу жетістіктерін және оқудан тыс іс-әрекеттің нәтижелерін бағалау тәсілдерін пайдалану

9. Инклюзивті сыныптың барлық оқушыларының білім беру бағдарламасын меңгеруіне жағдай жасау

9.1. айнала қоршаған ортада (сыныпта, мектепте, т.б.) дамытушылық, кедергісіз ортаны ұйымдастыру

9.2. оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес оқу жұмысын ұйымдастырудың заманауи тәжірибеге бағытталған технологияларын қолдану

9.3. оқу материалының мазмұнын бейімдеу

9.4. мүмкіндігі шектеулі баланың дамуы үшін қажеттіні және жеткіліктіні бөлу

9.5. қолда бар оқу және дидактикалық материалдарды бейімдеу немесе әзірлеу және т. б.

10. Үйде оқитын оқушыларды тікелей мектеп жағдайында оқуға көшіру

11. Инклюзивті мектептердің инклюзивті бағдарламаларды жүзеге асыратын мектепке дейінгі мекемелермен байланыс орнатуы

12. Мектептердің мектепке дейінгі инклюзивті дайындық топтарын ашуы